Қазақстаннан қыруар қаржыға бағаланатын дизель отыны мен жанар-жағармайды шетелге заңсыз шығармақ болғандарға тосқауыл қойылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Шекара қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері өткізу бекеттерінде жанар-жағармайды түрлі тәсілмен алып өтпек болған екі мың төрт жүзден астам дерек анықталып, жолы кесілген. Тәркіленген өнімнің құны шамамен 60 млн теңге. Бұл — 300 тоннадан астам бензин, дизель отыны, керосин секілді мұнай өнімдері. Кінәлі тұлғалардың барлығы заң аясында жауапқа тартылған.
Ақбаян Сұлтанмұратова