Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Елде жаңа саяси ұйым тіркеуден өтті

Жуырда ғана саяси сахнаға шыққан «Әділет» партиясы ресми түрде тіркелді. Оның төрағасы Айбек Дәдебайдың сөзінше, Қазақстанның саяси жүйесі ашық әрі бәсекеге қабілетті бола түскен. Бүгінгі жаңалық та осы оң өзгерістердің айқын көрінісі дейді. Ұйым құрамына түрлі салалардағы кәсіби қауымдастық өкілдері еніпті.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әділет партиясы түрлі мамандықтағы, түрлі көзқарастағы және өмірлік тәжірибесі әрқилы азаматтарды біріктіреді. Біздің мақсатымыз – заманауи әрі әділетті Қазақстанды құру. Біз ашықтыққа және әділ шешімдерге сенеміз. Әріптестік пен бірлескен жұмысты ұсынамыз. Алдымызда атқаратын жұмыс көп. Оны бірге жүзеге асырып, әділетті Қазақстанды бірге құрайық.

Нұрай Құрақпай

← Барлық жаңалықтар