Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Кипрге тікелей рейс ашылды

Жұмыстан шаршап, демалысты аңсап жүргендерге қуанышты жаңалық. Астанадан Кипрге тікелей әуе рейсі ашылды. Енді Жерорта теңізінің суына малтып, толқынында қалқып, жағасында шалқып жүрсеңіз болады. Өйткені, әуе жолы Кипрдің ең танымал курорттық аймағы Ларнака қаласына барады. Air Astana әуекомпаниясы бүгіннен бастап жолаушыларды тасымалдауға кіріскен. Тек бас қаладан ғана емес, 4 маусымнан кейін Алматыдан да жағалауға аттана аласыз. Әуе қатынасы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етпек.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар