Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Азат Перуашев тағы кешірім сұрады

Аңдамай сөйлегені алдынан шықты. Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың бұдан бір жарым жылдай бұрын айтқан өз сөзі өзіне таяқ болып тиді. Мәжілісмен бүгін жаздым, жаңылдым деп, кезекті рет кешірім сұрады. Айта кетейін, 2024 жылдың соңында Парламентте әкімшілік жазаларды қатаңдату туралы заңнаманы қарау кезінде Перуашев «штрафстанға айналып барамыз» деп қойып қалған еді. Президенттің кешегі сынынан кейін ол бұнысының қате болғанын мойындады. Ендігәрі бұл қателігімді қайталамаймын дейді.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз үшін бұл үлкен сабақ болды. Біз ары қарай жұмыс істейтін боламыз. Сәтсіз айтқан мәлімдемеден кейін мен өз қатемді түсіндім. Менен өзгелері де өзінің қатесін түсінді деп ойлаймын. Біз елімізді, заңымызды сыйлауымыз керек.

Айта кетейін, кеше Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамыту жөніндегі жиында елімізді «Штрафстан» не болмаса «Айыппұлстан» деп атап жүргендерді сын садағына алып, олардың қатарында депутаттардың да барын айтқан еді.

← Барлық жаңалықтар