Мазмұнға өту
· 14 қаралым

БЖЗҚ: жеткілікті шек тағы көтеріледі

Зейнетақы шотыңыздағы артық ақшаны пайдалануға бір күн қалды. Ал ертеңнен бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеткілікті шектің мөлшері тағы да көтеріледі. Яғни шотта қалуы тиіс қаржы жаңа әдістемеге сай есептелмек. Мұнда бірнеше маңызды параметр ескеріліпті. Олардың қатарында азаматтардың жасы, өмір сүру ұзақтығы және ең төменгі зейнетақы мөлшері сынды факторлар бар. Мамандардың сөзінше, ескі шарттармен өтінім беріп үлгеру үшін, яғни бүгін «Отбасы банк» платформасы арқылы сұраныс жолдап үлгеру қажет. Ал жаңа шекті мөлшер анықталғаннан соң шотта артық ақшаңыз қалса, оны тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге жұмсауға болады.

← Барлық жаңалықтар