Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Зейнетақы қорындағы ақшаны болашаққа жинаған жөн

Әрбір азаматтың жинақтаушы зейнетақы қорында кем дегенде ең төменгі шектің мөлшері болуы керек. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өзге елдерде азаматтар 30-40 жыл бойы тұрақты түрде тиісті төлемдерді аударып отырады. Бұл болашақта өзі қалағандай зейнетке шығуына мүмкіндік береді, дейді сарапшылар. Сол себепті де қордағы қаражатты шешіп алмай, жинаған жөн. Мәселен, аударымдар мөлшері 6 млн теңгеге жетсе, зейнетке шығатын кезде қажетті көлемдегі жинақты шығаруға мүмкіндік болады.

ЕЛЕНА БАХМУТОВА, ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫГЕРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Осыған дейін зейнетақы қорындағы қаражатты шешіп алған азаматтар бұл өзіміздің ақшамыз деп айтады. Иә, соны ескере отырып, бұл ақшаны жинауға тырысу керек. Өйткені өмір бойы жұмыс істегеннен кейін, зейнетке шығатын уақытта барлығы есептеледі. Сол себепті де ай сайын тұрақты түрде зейнетақы қорына тиісті төлемдер аударылып отыруы тиіс. Азаматтардың жеке немесе жалдамалы жұмыс істеуі маңызды емес. Бастысы, тоқтамай төлемдердің аударылуы. Сәйкесінше, зейнет жасына жеткенде ойдағыдай зейнетақы алатын болады.

← Барлық жаңалықтар