Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Атыраудың үздік тауары қайсы?

Атыраудың кәсіпкерлері «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында бас қосты. Шараға облыстың 50 тауар өндірушісі қатысып, нарықта сұранысқа ие өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Қатысушылар өндірістік мақсаттағы, азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар аталымдары бойынша өзара бәсекеге түсті. Мұнда көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, атынан ат үркетін компаниялармен қатар, қысқа уақытта табысқа жеткен жаңа жобалар да назар аудартты. Әр қатысушының артында қажырлы еңбек пен тың идея тұр. Сондықтан бұл шара үздіктерді анықтаумен ғана шектелмей, өңірдегі іскерлік ортаның даму деңгейін көрсетті.

ӘСЕТ САҒЫНДЫҚ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС МАМАНЫ:

Қазір көптеген жеке сайыстар өтеді. Кубоктар өтеді. Футболдан, волейболдан, баскетболдан соларға арнайы өзіміз дизайндар дайындап, сапалы медальдар шығарып жатырмыз. Медальдан бөлек біздер төсбелгілер шығарамыз, брелоктар шығарамыз, статуэткалар жасаймыз.

НҰРЛАН СҮЙІНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл деген шынымен біздің жергілікті тауар өндірушілерге өзінің тауарларын көрсетіп, өзінің сапаларын көрсетіп, халыққа және басқа да жаңа партнерларына көрсетіп, өзінің әрі қарай жұмысын дамытуға мүмкіндік береді.

← Барлық жаңалықтар