Былтыр бітуге тиіс инвестициялық жобалардың 20 пайызы әлі аяқталмаған. Бүгін Мәжілісте республикалық бюджеттің игерілуіне қатысты есеп берген Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы осылай деді. Әлихан Смайыловтың сөзінше, бюджет қаражатын жоспарлау мен бақылауда кемшіліктер бар. Сондықтан бір жыл ішінде түрлі шығындар үшін қазынадан 2,4 трлн теңге қайта бөлініпті. Тіпті кейбір ұйымдар қажет қаржы есебін түбегейлі өзгерткен көрінеді.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тиімсіз пайдаланылған қаражат сомасы 2024 жылғы деңгейден 1,7 есеге асып түсті. Қаражат жоғары деңгейде игерілгенімен, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмеуде. Орталық деңгейде бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орта есеппен 5 пайызына, ал өңірлерде 33 пайызына қол жеткізілген жоқ.