Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Тау арасынан табылды

Алматы тауларында 13 жастағы бала жоғалып кетті. Достарымен бірге Бутаков шатқалына бағытталған жасөспірім байланысқа шықпай қалған. Тек GPS спутниктері арқылы соңғы рет «Панорама» лашығының маңында болғаны анықталыпты. Жүрегі алай-дүлей болған ата-ана бірден төтеншеліктерге хабар берген. Құтқарушылар топтасып жүріп, таулы аймақты түгел тексеріпті. Қуанышқа орай, баланы аман-есен тауып, ата-анасымен қауыштырды. Жауаптылар тауға дайындықсыз шықпауға шақырды.

← Барлық жаңалықтар