Қызметіне тура бір жыл бұрын тағайындалған Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Ақордаға барып, Президентке есеп берді. Сала басшысы қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін арттыру және оларды әлеуметтік қорғау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндап берді. Сондай-ақ, әңгімелесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында атқарылған іс-шаралар жайы да сөз болды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіріп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.