Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Елге қайтарылған заңсыз активтерден қорға қанша қаражат түсті?

3 жылдан бері елге қайтарылған заңсыз активтердің 600 млрд-қа жуығы Арнайы мемлекеттік қорға түскен. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, жиналған қаражат әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалған. Мәселен, еліміздің әр өңіріндегі денсаулық сақтау, білім беру мен спорт салаларына бағытталыпты. Сондай-ақ сумен жабдықтау және көлік, энергетика секторлары да қамтылған. Жалпы саны 483 жоба.

← Барлық жаңалықтар