Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Президент шұғыл жиын өткізді

Мемлекет басшысы Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиында Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі мен осыған қатысты жобалар туралы баяндады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Президенттің сөзінше, қазір жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерген. Бір кездері тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалыпты. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, ғарыш мониторингі, интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді. Жиын соңында Президент Үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді.

← Барлық жаңалықтар