Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Президент ТМҰ Жоғары сот төрағаларымен кездесті

Бүгін Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті. Жиынға Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия және Қырғызстан елдерінің өкілдері келді. Қасым-Жомарт Тоқаев оларға ілтипат білдіріп, аталған ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын атап өтті. Әрі осы жүйедегі тығыз байланысты нығайта түсу бауырлас елдердің ортақ мүддесіне айналуы керектігін жеткізді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалмас үшін қарқынды даму жолына бет бұрып жатқанын айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Ертең Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады. Осы мәселелер бойынша пікір алмасу біздің ұйымның одан әрі дамуына және оның беделінің күшеюіне үлкен серпін берері сөзсіз.

Сондай-ақ Президент бауырлас елден келген қонақтарға елімізде болып жатқан ауқымды реформалар туралы айтты. Жақында күшіне енетін Конституцияда адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту – еліміздің стратегиялық бағыты екенін мәлім етті.

← Барлық жаңалықтар