Источник: kaz.nur.kz

Бүгін атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушылары шаңырақ көтерді. 67 жастағы Сейсенбек ата мен 50 жастағы Ләззат жүрек қалауымен көңіл жарастырып, отбасын құрды деп хабарлайды NUR.KZ.
Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының бүгінгі эфирі ерекше болып өтті. Себебі оның егде жастағы қатысушылары бір-бірімен жақсы тіл табысып, тікелей эфирде қолдарына неке жүзігін салды.
Жас жұбайлардың некесі тікелей эфирде қиылып, куәгерлердің бірі ретінде жүргізуші Аша Матайдың өзі қол қойды.







