Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Ақтөбеде 3 адам өртеніп кетті

Ақтөбедегі автогаз құю станциясында болған жойқын өрт үш адамның өмірін қиды. Тілсіз жау кешкі сағат он бірлер шамасында лап еткен. Жеңіл көліктің лаулап жатқан сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде лезде тарады. Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған машинаның жанында көмек сұрап, шарқ ұрған ер адам болған. Оқыс оқиға кезінде көлік ішіндегілер сыртқа шыға алмай қалып, 2 бала мен 1 азамат көз жұмды.

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Газ құю бекетінің иесі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы аса бақылауда.

Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама түсе сала, өрт сөндірушілер бірден оқиға орнына оқтай ұшқан. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын 8 минут ішінде ауыздықталып, газ станциясының өзге нысандарына жайылмады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, полиция тергеу амалдарын бастап кетті.

← Барлық жаңалықтар