Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Израиль мен «Хезболла» атысты тоқтатты

Израиль мен «Хезболла» 19 маусым, яғни кешеден бастап әскери қимылдарды тоқтатуға келісті. Ливандағы бітім осы аптада АҚШ пен Иран қол қойған бейбіт меморандум аясында жүзеге асып отыр. Уақытша тыныштық жергілікті уақытпен күндізгі сағат төртте күшіне енді. Көп ұзамай бұл ақпаратты Израиль қорғаныс армиясы да растады. Алайда ЦАХАЛ генералы Эффи Дефрин бұйрық берілсе, әскердің соғысты қайта жалғастыруға дайын екенін ескертті. Халықаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, атысты тоқтату келісіміне Катар, АҚШ және Иранның делдалдығымен қол жеткізілген. Құжатқа сәйкес, тараптар барлық майданда, соның ішінде Ливанда қақтығысты дереу тоқтатып, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтауға міндеттелді.

← Барлық жаңалықтар