Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 115 қаралым

Шымкентте көпқабатты үй қисайып кеткен

Шымкентте көпқабатты тұрғын үй қауіпті мекенге айналып барады. Қаланың қақ ортасындағы 60 пәтерлі баспананың қабырғасы сөгіліп, бір жағына қарай қисайып тұр. Бұл көріністен зәре-құты қалмаған тұрғындар биліктің бейғам жатқанына өкпелі. Үй бастапқы қалпынан 15 сантиметрге дейін ауытқып кетіпті. Сондықтан, тездетіп амалын қарастырмаса, үйінді астында қалып қоямыз ба деп үрейленіп жүр.

← Барлық жаңалықтар