Астана мен солтүстік өңірлерге қажетті газ Ресейден тартылуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрінің орынбасары Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда екі ел арасында жаңа магистральдық газ құбырын салу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Бұл жоба іске асса, Петропавл мен Көкшетау қалалары және Елорда табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етіледі. Жалпы осы күнге дейін елімізде 13 миллионнан астам тұрғынның көгілдір отынға қолы жеткен. Бұдан бөлек, газ тасымалдау жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 27 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
ҚАЙЫРХАН ТҰТҚЫШБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі күні елдің газ саласын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар газ өңдеу зауыттарын салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда және іске асырылуы жоспарлануда. Қазіргі таңда Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына қуаттылығы 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы белсенді жүргізілуде.
Сондай-ақ Қайырхан Тұтқышбаев Қостанай облысындағы жаңа өндірістерге газ жеткізетін құбыр салынатынын айтты. Оның айтуынша, аталған жобаны Қазақстан қатарлық инвестормен бірлесіп жүзеге асырады.
Рамазан Палмағанбет