Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Шоу көрсетемін деп өртеніп кете жаздады

Шоу көрсетемін деп өртеніп кете жаздады. Астанада жас жігіт аузынан жалын шығарып, жұртты таңғалдырам деп жүргенде өзі лап ете қалды. Оқыс оқиға кешқұрым Астанадағы саябақтардың бірінде болған. Ел-жұрттың бәрін жинап алып, өнерін көрсетіп тұрған азамат аяқ астынан өртене жаздады. Әуелде сақалына тиген от кейін киіміне тарап, денесін шарпуға сәл қалды. Абырой болғанда, өнерпаз тез әрекет етіп үлгеріпті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ешқандай зақым келмеген, денсаулығы жақсы екен.

← Барлық жаңалықтар