Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Ұлттық құрама бас бапкерсіз қалды

Ұлттық құрама тағы да бас бапкерсіз қалды. Бүгін қазақ футболының аңызы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жаттықтырушыны ешкім қызметінен қумаған сыңайлы. Бұл – оның өз шешімі. «Ер кезегі үшке дейін» деп ұлттық құраманы үшінші мәрте тізгіндеген бапкер бұл жолы жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Таланттар төгіліп жатқан Бельгиямен тең тарқасты. Қорғаушыларды қаптатып, қорғанысты бекітіп тастайтын ойын моделін өзгертіп, құрамаға тың серпін берді. Дегенмен соңғы ойынында Венгрияға есе жіберген еді. Ал ұлттық құраманың келесі бапкері әзірге белгісіз.

← Барлық жаңалықтар