Мазмұнға өту
· 10 қаралым

«Алтын доп» иегері анықталды

Кеше түнде Лондонда «Алтын доп» марапатының салтанатты рәсімі өтті. Биыл мәртебелі жүлде Англия құрамасының ойыншысы Харри Кейнге бұйырды. Немістің «Бавария» командасына ауысып, бағы ашылған шабуылшы, сөз жоқ, голдарды топырлатып соғып жатыр. Бұған дейін жарытып жүлде жеңбеген «Тұманды Альбион» өкілі мюнхендіктердің жейдесін кигелі түрленіп шыға келді. 33 жастағы футболшы нағыз тісқаққан голеадор екенін дәлелдеп тастады. Ол өткен маусымда 73 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ал дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орынға француз Килиан Мбаппе тұрақтады. Үздік үштікті «Барселонаның» жас таланты Ламин Ямал түйіндеді. Бір қызығы, Кейн мен Мбаппенің арасын бар-жоғы 40 дауыс қана бөліпті. Ал Харри Кейн «Франс Футбол» ұсынған жүлдені жеңген бесінші ағылшын футболшысы атанды. Соңғы рет «Алтын допты» Англия сапынан ширек ғасыр бұрын Майкл Оуэн еншілеген екен.

← Барлық жаңалықтар