Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Дастан Сәтпаевтың командаласы даулы мәлімдеме жасады

Дастан Сәтпаевтың командаласы даулы мәлімдеме жасады.

«Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Кайл Уокер команданың кінәсі дәлелденсе, денесіндегі жазуын өшіретінін мәлімдеді. Ағылшындық футболшы «қалалықтардың» сапында Премьер-лиганы төрт рет жеңген. Кейін тарихи жетістікті өз тәніне таңбалаған болатын.

Алайда қаржылық жанжалдан кейін «Манчестер Ситидің» трофейлерін тартып алу жайлы ақпарат БАҚ беттерінде қаулады. «Бернлидің» қорғаушысы клуб чемпиондық атақтарынан айырылса, татуын өшіруге мәжбүр болатынын жеткізді. Дегенмен «Манчестердің» сүттен ақ, судан таза шығарына үмітті екенін жасырмады.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар