Ақтөбеде тойға барғандар ауруханадан бір-ақ шықты. Оқыс оқиға Қандыағаш қаласында болған. Өзін жайсыз сезінген қонақтар он тоғызыншы маусымнан бастап ауруханаға қарай ағылыпты. Ақ халаттылардың алдына бас-аяғы 102 адам барған, соның 34-і сальмонеллезге шалдығуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Осыған байланысты жедел штаб құрылған. Санитар мамандар індеттің себебін анықтау үшін сынама алып, тексеру жүргізіп жатыр.
ЕРЛАН МҰРАТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қоғамдық тамақтану объектілерінде өткізілген іс-шараларға қатысқан азаматтар арасында ішек инфекциясымен топтық сырқаттану жағдайлары тіркелгенін хабарлаймын. Тергеу аясында тағам өнімдерінен және қоршаған ортадан зерттеу сынамалары алынып, тексеруге жіберілді. Эпидемияға қатысты іс-шаралар жүргізу мақсатында қоғамдық тамақтану объектісі барлық мән-жайлар анықталғанға дейін уақытша тоқтатылды.