Астанада 13 қабатты үйде үш пәтер қатар өртенді. Оқыс оқиға бүгін түске жақын болған. Төтенше жағдай Байқоңыр ауданында болған. 11-қабаттағы пәтердің ас бөлмесінен тұтанған қызыл жалын балконға тарап, көзді ашып-жұмғанша көршілердің үйлерін шарпыған. Дабыл түскен бойда дереу жеткен құтқарушылар алдымен тұрғындарды эвакуациялап, өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір себебін анықтауға кірісті.
АЙТУҒАН БЕКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде жоғарғы қабаттардағы балкондардың ашық жалынмен жануы байқалды. Тілсіз жау 11-қабаттан бастап 13-қабатқа дейін, техникалық қабатты қоса алғанда, таралған. Құтқарушылар жедел түрде іске кірісіп, жалпы ауданы 40 шаршы метр болатын өртті ауыздықтады.