Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Бектенов қытайлық бизнес өкілдерімен кездесті

Қытайда өтіп жатқан «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумында біздің премьер-министр қытайлық ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында агроөнеркәсіп кешені, көмір химиясы, автомобиль жасау және дата-орталықтар құру мен жаңа шетелдік жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды. Мысалы, Үкімет басшысы Қызылорда облысында ирригациялық жабдықтарды құрастыру жобасына тоқталып, су ресурстары үшін инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Жасанды интеллектіні дамыту жобалары да назардан тыс қалған жоқ. Экономиканың барлық секторына ақылды жүйені енгізу және цифрландыру Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ алпауыт компания өкілдерімен кездесуде Бектенов ұзақ уақыт жұмыс істеуге ниетті әрі өндіріс деңгейін арттырғысы келетін инвесторларға еліміз қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

← Барлық жаңалықтар