Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Астан уланғандардың саны артты

Ақтөбе облысында тойға барып астан уланғандардың саны күннен-күнге артып жатыр. Мұғалжар аудандық және облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында кеше 102 науқас жатса, бүгін олардың саны 113-ке жеткен. Қазір полицейлер санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Санитарлар мейрамханадағы барлық тамақтан сынама алып, зертханаға жіберген.

АЙГҮЛ АМАНЖОЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасына барған азаматтар арасында ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, кейбір науқастарда жағдайларының жақсаруы байқалады. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Медициналық ұйымдарда қажетті төсек-орын қоры дайындалып, дәрілік заттардың жеткілікті қоры қамтамасыз етілді.

← Барлық жаңалықтар