Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Шымкентке шыққан ұшақ аяқ астынан Таразға қонды

Алматыдан Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Түнде көкке көтерілген әуе кемесі ауа райының қолайсыздығынан бірнеше рет сілкінген. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан борттағы жолаушылардың үрейі ұшып, тіпті дұға оқи бастағандарын көруге болады. Бұлт қалыңдап, найзағай жарқылы күшейген соң, экипаж мүшелері рейсті қауіпсіз аймаққа бұруға шешім қабылдаған. Тараз әуежайында бір жарым сағаттай аялдап, Шымкентке уақытынан кешігіп жеткен. Жолаушылар дін аман.

SCAT ӘУЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ:

Шымкент әуежайына қонуға бет алған кезде метеорологиялық жағдай кенеттен нашарлады. Жел екпіні секундына 24 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнады және желдің ығысу ықтималдығы туындады. Осыған байланысты экипаж Тараздағы қосалқы әуеайлаққа бет алу туралы шешім қабылдады. Ауа райы оңалған соң ұшақ Шымкентке штаттық режимде қонды. Біз үшін жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі бәрінен жоғары.

← Барлық жаңалықтар