Алматыда жүргізушілер жаға жыртысты. Саин көшесінде кептелісте тұрғандардың жүйкесі сыр берген болуы мүмкін, жолға таласып, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Әлеуметтік желіде тараған видеода жүргізушілер әуелі сөзге келіп қалған. Кейін жанжал ушығып, күш көрсету арқылы мәселені шешпек болыпты. Алайда іс ушықпай тұрғанда басқа жүргізушілер оларды ажыратып үлгерген. Қазір оқиғаға қатысты мән-жай зерделеніп, жуан жұдырықты жүргізушілердің жеке басы анықталып жатыр екен.