Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Маңғыстауда шаңды құйын көпшілікті шошытты

Маңғыстау облысында аяқ астынан шаңды құйын тұрып, жұртты шошытты. Әлеуметтік желіде тараған видео Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылында түсіріліпті. Кадрлардан құйынның көше бойымен шиырлай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Табиғи құбылыстың нақты қашан түсірілгені белгісіз. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер туралы 112 бірыңғай нөміріне ешқандай хабарлама түспегенін хабарлады. Ал метеорологтар мұндай атмосфералық жағдай күн қатты ысып, жердің беті қызғанда пайда болады дейді. Температураның күрт өзгеруі салдарынан ауада осындай құбылыстар болып, шаң мен құм жоғары көтеріледі екен.

← Барлық жаңалықтар