Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Тас жолдарда жаңа жүйе іске қосылды

Енді тұман мен жауында, боран мен дауылда жолда жүру жеңілдейді. Талай тағдырды талқан еткен трассаларға лазер орнатылып жатыр. Ішкі істер министрлігі қас қарайғаннан күн шыққанша жолда жүру қауіпсіз болу үшін заманауи технологияларды енгізген. Жаңа жүйе әсіресе ауа райы қолайсыз күндері жүргізушілерге бағдар береді. Сондай-ақ сәулелер жол сызықтарын айшықтап, түнгі көріністі жақсартады екен. Бүгінде лазерлік қондырғылар республикалық маңызы бар автожолдардың көлік нөпірі бір толастамайтын және апат қаупі жоғары 22 учаскесінде жұмыс істеп тұр.

БАҒЛАНБЕК АЙТПАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ішкі істер министрлігі жол ұйымдарымен бірлесіп, азаматтардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында аталған технологияларды автожолдардың өзге де учаскелеріне кезең-кезеңімен енгізу жұмысын жалғастырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбіріміздің жауапкершілігіміз. Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыздар!

← Барлық жаңалықтар