Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Елімізде жанар-жағармай қоры тапшы ма?

Елімізде жанар-жағармай қоры тапшы ма? Энергетика министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады. Ведомствоның дерегінше, өңірлерде жалпы резерв көлемі 1 млн 100 мың тоннадан асады. Бұл жазғы және туристік маусым кезеңінде тұрғындарды мұнай өнімдерімен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті. Оның ішінде АИ-92 және АИ-95 маркалы автомобиль бензині, сондай-ақ дизель отынының айтарлықтай қоры бар әрі ол азайған кезде тұрақты түрде толықтырылып тұрады. Қазіргі уақытта жауаптылар үздіксіз тексерулер жүргізіп, жанармай құю станцияларындағы отын қорына мониторинг жасап жатыр екен. Бұдан бөлек, жанар-жағармайдың заңсыз тасымалының жолын кесу үшін қажетті жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

← Барлық жаңалықтар