Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Кәсіпкер әйелдерге арналған институт құрылды

Астанада «G-Index Institute» атты жаңа талдау орталығының тұсауы кесілді.

Бұл құрылым еліміздегі нәзік жандардың экономикаға қосқан үлесін бағалап, іскер әйелдердің бизнесін өркендетуге ықпал етеді.

Ауқымды жоба Тәуелсіздік сарайында көпшілікке таныстырылды.

Енді орталық мамандары қыз-келіншектердің өндіріс, инвестиция және сауда-саттық саласындағы белсенділігін жіті зерттейді.

Басты мақсат — олардың ел дамуына қосып жатқан нақты үлесін сандармен көрсету.

Алқалы жиынға халықаралық ұйымдар, мемлекеттік орган өкілдері мен іскер топтар қатысты.

Шара Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бейнеқұттықтауымен басталды.

Министр өз сөзінде әйел кәсіпкерлігі қазіргі экономиканың маңызды құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар инновациялардың, әлеуметтік жауапкершіліктің және тұрақты дамудың қуатты қайнар көзі екенін жеткізді.

ЖАННА БАЙДАШЕВА, «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕҢЕСІ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз бір жыл бойы халықаралық ұйымдармен, соның ішінде БҰҰ, Дүниежүзілік банк және Еуропалық қайта құру және даму банкімен ауқымды жұмыс істедік. Олар бұл бастаманы өте дер кезінде көтерілген әрі қажет жоба деп есептейді. Өйткені қазір әлемде логистика мен тауар тасымалы өзгеріп жатыр. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамытып, оларды осы жеткізу жүйесіне қосу көптеген елдер үшін басты басымдық.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар