Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Алма импортына уақытша тыйым салынуы мүмкін

Алма импортына уақытша тыйым салынуы мүмкін.

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында енгізіліп отырған бұйрық қазір қоғам талқылауында.

Яғни құжат «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды.

Мұнда көпшілік осыған қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіре алады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, уақытша шектеуді 1 тамыздан бастап жыл соңына дейін енгізу көзделіп отыр екен.

Демек осы аралықта шетелден жемістің осы түрін ел аумағына кіргізуге болмайды.

Айта кету керек, бұл тыйымның Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға қатысы жоқ.

← Барлық жаңалықтар