Ақордаға мәртебелі мейман келді. Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. Сондай-ақ Президент былтыр қараша айында мұхиттың арғы бетіне сапарында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жыл соңында Майами жағалауында өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдете түсетінін жеткізді.