Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Алатау қаласында жаңа басқару органдары құрылады

Алатау қаласында жаңа басқару органдары құрылады.

Мүмкіндіктер қаласы! Алатау шаһарында жаңа басқару органдары құрылады. Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында қаланы дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ қазір атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы пысықталды. Премьер-министр жаңа Ата заңмен бірге «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң күшіне енгенін атап өтті. Осы тұста, Президент айтқандай, «Alatau City» жобасы экономикалық даму драйверлерінің бірі болуы тиіс деді Бектенов. Отырыс соңында кеңес мүшелері бірқатар шешімді қабылдап, алдағы жоспарларға тоқталды.

ӘЛІШЕР ӘБДІҚАДЫРОВ, «ALATAU CITY AUTHORITY» МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Осы жылдың соңына дейін қаланың даму стратегиясы мен мастер-жоспарды аяқтау жұмысы тұр. Қазіргі уақытта қаланың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру, стратегиялық құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік басқарудың заманауи жүйесін құру, инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

← Барлық жаңалықтар