Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Ең арзан жанармай біздің елде

Еліміздегі жанармай құны көрші мемлекеттерге қарағанда арзан болып шықты.

Бағасы мың құбылса да, еліміздегі жанармай құны көрші мемлекеттерге қарағанда арзан болып шықты. Бұл туралы ақпараттық сайттар Energyprom-ға сілтеме жасап жариялап жатыр. Ал билік мұнай өнімдерін елден заңсыз әкету қаупіне байланысты шектеу жұмыстарына кірісіп кетті. Негізі, біз ішкі нарықтағы қажеттілікті толықтай өндіріс арқылы жабуға қауқарлымыз. Десе де көршілердегі баға айырмашылығы нарыққа қысым жасап отыр. Қазір мұнай өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қойылып жүр. Жауапты ведомствоның дерегінше, мұндай шаралар энергетикалық қауіпсіздік пен ішкі нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

← Барлық жаңалықтар