Тағам өндірісі артып, ауыл шаруашылығы саласында өсім байқалады. Экспорт қарқыны қаңтар-сәуір айларында 3 миллиард долларға жетті. Бұл туралы сала министрі Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысына есеп беру барысында мәлімдеді. Министрдің сөзінше, шаруаларға қолжетімді қаржы тетіктерін кеңейту және техниканы жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев әлі де жұмысты күшейтіп, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ауыл шаруашылығының жай-күйі қалай?
Ауыл шаруашылығы экспорты қаңтар-сәуір айларында 3 миллиард долларға жетті.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар