Мазмұнға өту
· 114 қаралым

Сыйлық табысталды

Жаңа жыл қарсаңында жұрт жақындарына сыйлық жасауға асығып жатқанда, біздің арна кішкентай көрерменнің көңілін аулады. Анығын айтқанда, баланың арманын орындады. Шымкенттік 5 жасар Нұрмұхан Уәлихановқа «Еуразия» бірінші арнасының ұжымы су жаңа автокөлікті табыс етті. Аяқ астынан сыйлыққа ие болған балақай машинаға отыра салысымен, барша қазақстандықтарға алғысын айтып, көлігімен зуылдай жөнелді.

← Барлық жаңалықтар