Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Қайтарылған активтің рахатын Ақтөбе көреді

Шетелге заңсыз шығарылған актив елге қайтарылып, одан түскен қаражат ақтөбеліктердің игілігіне жұмсалмақ.

Үкімет 5 миллиард теңгені Сарыбұлақ жерасты көлінен су құбырын тартуға бөлді. Жоба аясында 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланады. Нысанның іске қосылуы Ақтөбенің қарқынды дамып жатқан Батыс-1, Батыс-2 және Батыс-3 шағынаудандарының тұрғындарын ауызсумен қамтуға септігін тигізеді. Бір жағынан, Алға және Мұғалжардағы тапшылықты азайтады. Мамандардың айтуынша, Сарыбұлақтың қоры өңірді алдағы 30 жыл бойы тіршілік нәрімен қамтуға жетеді.

АРЫСҰЛАН АЙТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады. Жоба іске қосылғаннан кейін Ақтөбе қаласына тәулігіне қосымша 25 мың текше метр ауызсу беріледі. Соның арқасында қаладағы су көздеріне түсетін жүктемені азайтуға және тұрғын аудандарды тұрақты ауызсумен қамтуға мүмкіндік туады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар