Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Сарбаздарды әскер түрлеріне ЖИ бөледі

Сарбаздардың әскердің қай түріне баратынын енді жасанды интеллект анықтайды.

Елімізде Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған азаматтарды іріктеу жүйесі цифрландырылды. Ақылды технология үміткердің дене бітімі мен білім деңгейін саралап, комиссияға ұсыныс береді. Ал түпкілікті шешімді жергілікті қорғаныс істері жөніндегі басқарма қабылдайды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл жаңашылдық қағазбастылықты азайтып, әскерге шақыру науқанының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар