Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Биікті бағындыру дегенді тура мағынасында түсінген

Биікті бағындыру дегенді тура мағынасында түсінген секілді. Шығыс Қазақстан облысында оқыс жағдай бола жаздады. Ақжар ауылында екі бала теле мұнараға өрмелеп шығып, өздігінен түсе алмай қалған. Жасөспірімдерді төтенше жағдайлар қызметкерлері рейд барысында байқап, көмек қолын созыпты. Оқиға орнына Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы да жедел жеткен. Абдыраған балаларды дін аман төменге түсірді. Құтқарушылар ата-аналарға ұл-қыздарының қайда жүргенін қалт жібермей бақылап, қараусыз қалған құрылыстар мен апаттық нысандарға барудың қауіпті екенін түсіндіру қажеттігін еске салады.

← Барлық жаңалықтар