Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Үш теміржол вокзалы жаңартылды

Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылып, халық игілігіне берілді.

Қызылорда облысы

Төретам, Жосалы мен Арал стансаларындағы нысандарда күрделі жөндеу жүргізіліп, ғимараттардың іші-сырты толық жаңарған. Қауіпсіздік үшін тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі мен өрт дабылы қойылған. Үш нысанда да жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға басымдық беріліпті. Жаңарған вокзалдар тұрғындар мен қала қонақтарына қызмет көрсету сапасын арттырып, өңірдегі теміржол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жасқайрат Мәмбеталиев, «Арал теңізі» теміржол вокзалының бастығы:

Бүгін Арал халқы үшін қуанышты күн болып жатыр. Жаңа вокзал ашылып жатыр. Бұрынғы ескі вокзал 1905 жылы салынған. 120 жыл қызмет етіп, осы жерде сол вокзал сүріліп, орнына әсем ғимарат бой көтеруде. Бұрынғы вокзал 438 шаршы метр болса, қазір 1 148 шаршы метрге ұлғайды. Бұл жерде халыққа барлық жағдай жасалған. Заманауи талаптарға сай.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар