Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Декреттік демалыс тәртібі өзгеруі мүмкін

Елімізде декретке шығу тәртібі өзгеруі мүмкін. Үкімет отырысында ер азаматтарға бала күтіміне байланысты демалыс беру тетігін қайта қарау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар әйелдердің баламен үйде ұзақ отырмауы үшін балабақшадағы орын санын көбейту ұсынылды. Бұл бастама әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты мұқтаждығына қарай бөлу реформасы аясында қарастырылуда. Әзірге бұл бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

← Барлық жаңалықтар