Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Автобус пен алып кран соғылды

Атырау облысында адам толы автобус арнайы техникаға соғылды. Құлсары қаласының қақ ортасындағы қақтығыстан 3 кісі зардап шеккен. Олар бірден ауруханаға жеткізіліпті. Жазатайым жағдай кеше кешкі жетілер шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, алып кран бұрылып келе жатқанда қондырғысымен қоғамдық көліктің терезесін сындырыпты. Салдарынан салондағы үш жолаушы жарақат алған. Қазір жол апаты бойынша тексеріс басталған.

← Барлық жаңалықтар