Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы өзі жиған қаражатты алуға құқылы. Министр болғаны үшін емес әрине, тәртіп солай. Ашып айтар болсақ, осы уақытқа дейін 6 млн 700 мың теңгені жинап үлгерсеңіз, үстіндегі қаржыны алып, өзіңіз жұмсай аласыз. Қазір елімізде бұл межеге жеткен 114 мың адам бар. Министрдің өзі сол тізімге енетін болып шықты.