Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 27 қаралым

Оқушыларға амандасуды үйрету керек

Оқушыларға амандасудың әдебін үйрету керек. Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр мектептерде сәлемдесу мәдениетін күнделікті тәрбие жұмысының тұрақты бөлігіне айналдыруды ұсынды. Оның айтуынша, ізгі әдетті бала кезден үйретсек, болашағы соғұрлым берік болады. Ерте қалыптасқан тәрбие ұл-қыздардың мінезіне сіңіп, күнделікті дағдысына айналады. Үлкенге сәлем беру, кішіге құрмет көрсету қазақтың қанына сіңген қасиет, деді халық қалаулысы.

ЕРЛАН САЙЫР, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақ сәлемдесуінің басты ерекшелігі — ұстамдылық. Сәлемдесу — сол мәдени кодтың ең қарапайым, бірақ ең терең белгілерінің бірі. Ал мәдени код үлкен ұрандардан емес, күнделікті әдеттен басталады. Сондықтан бұл мәселені бір реттік акция немесе тәрбие жұмысы ретінде емес, ұлттық бірегейлікті нығайтатын ұзақ мерзімді мемлекеттік мәдени саясаттың бір бағыты ретінде қарастыру маңызды.

← Барлық жаңалықтар