65 миллиард теңге. Жарнама нарығындағы жарты жылдықтағы көрсеткіш бұл. Сарапшылардың айтуынша, оның 24,4 пайызы телевизияға тиесілі. Көгілдір экран әлі де ірі компаниялар үшін өнімін танытатын негізгі алаңдардың бірі. Ұлттық медиа қауымдастығы ұйымдастырған конференцияда саланың өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе телевизиялық контентті цифрлық платформалар арқылы таратуға басымдық берілді. Өйткені көрермен талғамы өзгеріп, медианы тұтыну тәсілі де жаңарып келеді.
КЕМЕЛБЕК ОЙШЫБАЕВ, ҰЛТТЫҚ МЕДИА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біздің басты мақсатымыз – жүйелі дамуымызды жоғалтпай, барлық нарықта пайда болып жатқан сұрақтарды талқылап, шешу жолдарын бірге іздеп, даму ең маңызды. Осындай алаңдарды сұрақтарымызды талқылауға ұйымдастырып тұрамыз.
Басқосуға шетелдік медиа сарапшылар да қатысты. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жаңа медиалық ортаға бейімделудің бірнеше жолы бар. Соның бірі – контентті интернет арқылы кеңінен тарату. Екіншісі – цифрлық сервистермен серіктестікті дамыту. Бұл бағытта әлемдік ірі ақпарат құралдары жаңа тәсілдерге көшіп жатыр.
НАДЯ ВИНОКУР, BBC БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ДИСТРИБУЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ АҒА МЕНЕДЖЕРІ:
Ұлыбританияда көрермендердің 70 пайыздан астамы контентті интернет арқылы тұтынады. Бұл үрдіс аудиторияның сұранысынан басталып, бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Алдағы он жылда BBC телевизиялық контентті толықтай интернет арқылы тарату жүйесіне көшеді деп болжап отыр.