Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Президенттің кітабы таныстырылды

Көкшетауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы таныстырылды.

Жинаққа Мемлекет басшысының әр жылдары айтқан таңдаулы сөздері мен ой-тұжырымдары енген. Сондай-ақ кітапта Президенттің маңызды еңбектерінен үзінділер берілген. Бұдан бөлек, автордың дипломатиялық қызметі, халықаралық саясат пен тарихи оқиғалар туралы пайымдары баяндалады. Ал жаңа жинақта әділетті қоғам құру, ел бірлігі, еңбек, білім және мәдениет мәселелері де қамтылған. Кітап өңірдегі кітапханалар мен жастар ұйымдарына таратылады.

Қырмызы Жандос

← Барлық жаңалықтар