Мазмұнға өту
· 131 қаралым

Қызылорда облысында 38 елдімекенді су басуы мүмкін

Қызылорда облысындағы 38 елдімекен су астында қалуы мүмкін. Аймақта жуырда ғана әкім болып барған Гүлшара Әбдіқалықова осындай қауіп барын айтып, Үкіметтен көмек сұрады. Оның айтуынша, тасқын су жұртты әбігерге салмау үшін Қызылорда су торабын тез арада жөндеу қажет. Бұл жұмыс дер кезінде жасалмаса, қызыл судың басуынан бөлек, өңірдегі үш аудан мен қала маңындағы мыңдаған гектар суармалы, шабындық және жайылымдық жерлер тіршілік нәрінсіз қалмақ. Ал, апатты жағдайдағы су торабын жөндеуге 3,2 миллиард теңге керек екен.

← Барлық жаңалықтар