Жақында жалақыларыңыз өсуі мүмкін. Бірақ бәрінде емес. Бұл ең төменгі айлық алатындарға қатысты. Аталған мәселе алдағы айда Құрылтайдың күн тәртібіне шығарылмақ. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин осылай дейді. Оның сөзін депутат Татьяна Савельева да қуаттады. Бұған дейін елдегі ең аз айлықты 85 мыңнан 150 мың теңгеге өсіру жөнінде бастама көтерілген еді. Алайда әлеуметті толғандырған сауал ашық күйінде қалған-тұғын.
ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бірінші оқылымға дейін шығыстардың, бюджеттің, тапшылықтың және басқа да көрсеткіштердің негізгі параметрлерін қарастырамыз. Ал 14 қазаннан кейін салыстырма кестені талқылауға кірісеміз. Депутаттар ең төменгі жалақы мәселесін қазірдің өзінде көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін талқылаймыз.